Кітапханаға қалай тіркелуге болады? Мен НУ студенті немесе оқытушысы емес, келушімін

Answer

Біздің кітапханамыздың уақытша оқырманы болу үшін өтініш хат жолдауыңыз қажет.

Өтініш хат:

  • НУ кітапханасы директорының атына жазылады (Джеральд Кавана);
  • мекеменің ресми бланкісінде рәсімделеді;
  • декан немесе академиялық эдвайзермен бекітіледі;
  • зерттеу тақырыбы немесе кітапханаға келудің басқа мақсаты, сондай-ақ қолжетімділік мерзімі көрсетіледі;
  • студенттер тізімі беріледі (бар болған жағдайда).

Қол қойылған хаттың скан-көшірмесі nu@nu.edu.kz электрондық поштасына жіберіледі. Хаттың түпнұсқасы НУ Құжаттамалық қамтамасыз ету бөліміне (Қабанбай батыр даңғылы, 53, С2 блогы, 2018 кабинет) жеткізіледі.

Уақытша оқырмандар біздің кітапханамыздың кең көлемді баспа материалдар жинағын (тек оқу залында) және кітапхана қызметтерін пайдалана алады. Алайда, электрондық дерекқорларға қолжетімділік лицензиялық келісімдер мен қауіпсіздік хаттамаларына сәйкес шектелуі мүмкін.

Емтихан кезеңінде кітапхана қолжетімсіз болуы мүмкін.

Қосымша ақпарат алу үшін library@nu.edu.kz хабарласыңыз.

Topics

  • Last Updated Apr 03, 2024
  • Views 5
  • Answered By Aigerim Akparova

FAQ Actions

Was this helpful? 0 0